Қазақстанда қандай жаңа мерекелер пайда болуы мүмкін

Ulysmedia

Кәсіби мерекелерді бекіту туралы қаулы жобасы көпшіліктің назарына ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Depositphotos

Не болды

«Ашық НҚА» порталында кәсіптік мерекелердің тізбесін бекіту туралы қаулы жобасы жарияланды.

Қандай мерекелер

Еңбек министрлігінің мәліметінше, қатарға мына мереке күндерін қосу ұсынылады:

- 7 сәуір – Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні;

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – 16 сәуір;

- Метрология қызметкері күні – 20 мамыр;

- Ветеринарлар күні – 10 шілде;

- Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;

- 1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні;

- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні – 18 қараша.