Токио жүлдегері Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Ulysmedia

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

olympic.kz-ның мәліметінше, 51 келіде сынға түскен Бибосынов 1/8 айналымда үндістандық Дипакпен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте Сәкен Бибосынов 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Еске сала кетсек, бірінші кездесуде Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбай Досматовты жеңді.