Астанада ер адам 20 жастағы бойжеткенге шабуыл жасаған (ВИДЕО)

Ulysmedia

Астанада көпқабаттың үйдің кіреберісінде ер адам 20 жастағы қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Жәбірленуші тұнде үйінің есігіне жақындаған кезде орындықта отырған ер адамды байқаған. Бойжеткен есікті ашып, ішке кірген кезде ер адам шабуыл жасап, сөмкесін жұлып алмақ болған. Бірақ қыз қашып үлгерген. Бұл сәт видеоға түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында «Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын тонау үшін сотталған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде одан ас үй пышағы табылды, - деп хабарлады қалалық ПД.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.