Мемлекеттік наградалар туралы заңға тиісті өзгерістер мен толықтыруды мәжіліс депутаттары енгізіп жатыр. Мәжілісмендер оны бір ауыздан қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Депутаттар заңына өзгерістер мен толықтыру енгізуге бастамашылық етіп отыр.
– Аталған заң жобасы мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге бағытталған және ол арқылы «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаев есімдерін беру жөнінде өзгерістер мен толықтыру енгізілмек. Атап айтқанда, орденнің бірінші дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің, екінші дәрежесіне – Бауыржан Момышұлының, үшінші дәрежесіне – Рахымжан Қошқарбаевтың есімі беріледі, – дейді оны қорғаған Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Депутаттар заң жобасы Конституцияға, мемлекет ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстанның қатысушы болып саналатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейтінін атап өтеді.