«Қазақтарға сол керек»: Украин журналистің сөзі желідегілердің ашуын туғызды

Ulysmedia

Желіде украиндық журналистің Қазақстан туралы ойын айтқан бейнежазбасы тарады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Украиндық журналист, "Апостол" блогері Дмитро Карпенко Қазақстан тұрғындарына жаны ашымайтынын мәлімдеді. 

 "Қазақтарда су тасып жатыр дей ме? Енді не істейін? Өздеріне сол керек!  Путинге көмектесе түсіңіздер, мүмкін бізде тағы бірдеңе болып қалар. Түсінемін, қазір көптеген сын айтылады. "Біздің Қазақстанға жанымыз ашиды...". Менің Қазақстанға жаным ашымайды ! Екі жыл ішінде Қазақстаннан жақсы ештеңе алған жоқпыз", - деді ол. 

Сондай-ақ, Карпенко оның қолында Қазақстанның Ресейге қару-жарақ сатып алғаны туралы "құжаттар бар" деп мәлімдеді. 

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Карпенконың жанашырлығына "мұқтаж емес" екенін жазып жатыр. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.