Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Ulysmedia

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев еліміздегі күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі 15 ірі жүк көлігінде азық-түлік, сыртқы киімдері, көрпелер, жастықтар, гигиеналық заттар, арнайы жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайық жинақтары және басқа да қажетті тауарлар орналастырылғанын хабарлады.

"Министрлер кабинетінің өкімі қабылданды, онда гуманитарлық көмек жүктерін қалыптастыруға және оларды тиісті жерге жеткізуге байланысты ұйымдастырушылық мәселелерге баса назар аударылады", - делінген хабарламада.

Гуманитарлық көмек жүктерін Қазақстанға Өзбекстан Республикасы президентінің кеңесшісі Т. Құдайбергенов басқаратын жұмыс тобы жеткізетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін Еуроодақ су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 200 мың еуро бөлетінін мәлімдеген болатын.