Ауыл шаруашылығы министрлігі 393 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салды, деп хабарлайды ulysmedia.kz
Өткен аптада Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде 1 мың тоннаға жуық импорттық карантинге жатқызылған өнімді ұстады.
Карантинге жатқызылған өнім Ресей Федерациясы, Беларусь, Финляндия, Өзбекстан, Қырғызстан, Нидерланды және Кореё Республикасынан әкелінді.
«2021 жылғы 22-29 қазан аралығында агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Қазақстан Республикасының аумағына фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 82 фактісінің жолын кесті», - делінген хабарламада.
Ресей Федерациясынан жалпы көлемі 768 тонна картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ, бұрыш, мақсары, бидай, жаңғақтар, кептірілген жемістер, апельсин, алма және банан, Қырғызстаннан 22 тонна жемшөп эспарцеті, Өзбекстаннан 0,01 тонна хурма, Кореядан 1,5 тонна жүгері ұны және Нидерландыдан 139 780 дана гүл кесінділері импорты кезінде 56 жағдайда фитосанитариялық сертификаттардың жоқтығы анықталды.
«Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалып, 4,3 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - деп хабарлайды министрлік.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары өсімдіктер карантині саласында 5,3 мың бұзушылықты анықтап, нәтижесінде 393 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.