Париж Олимпиадасында ЖИ қолданылады

Оралхан Қожанов

Франциядағы жазғы Олимпиада кезінде жасанды интеллект жүйесі бар технология қолданылады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Бұл туралы халықаралық жарыстарды ұйымдастырушылар ұйымы мәлімдеді. Технология арқылы телекөрермендер үшін онлайн-көрсетілім сапасын жақсартуды жоспарлап отыр. Франция үкіметі жасанды интеллектке қатысты, қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Мәселен, адамның бет-әлпеті арқылы жұмыс істейтін бейнекамералардың сапасын арттырады.

Айта кетейік, 2029 жылға қарай әрбір бесінші мемлекеттік қызмет ЖИ көмегімен көрсетілетінін жазған едік.