Елімізге гуманитарлық көмек тасымалдайтын дрондар жеткізілді

Қалижан Бектемір

IT қауымдастық шетте қалмай, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек қолын созды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: CopterExpress

Жағдай анықталғаннан кейін біз көмек көрсетуге себеп болатын барлық мүмкіндіктерді қарастырдық. Нәтижесінде ARC Drones дрон құрылғасының 3 данасын Америкадан Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылдадық. ARC Drones өкілдері қазір Атырау қаласында және ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп ең шалғай және жеткізу қиындық туғызатын жерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмірлік маңызды материалдық құралдарды шұғыл тасымалдау жұмыстарына кірісуге дайын, — деп жазды министр. 

Оның айтуынша, ARC Drones — қазақстандық Әлібек Ерсай мен Әсел Тұрсын негізін қалаған американдық стартап. Бұл дрондар салмағы 10 км радиуста 30-40 кг-ға дейін және күніне 100-ге дейін рейс орындай алады.⠀

Осы дрондарды қолданып, біз құтқарушылар мен еріктілердің қауіпсіз қызметін күшейтеміз. Сонымен қатар дрондарды су сынамаларын жинауға да қолдануға болады. Дрондарды шұғыл пайдалану жақын арада қажет болмайды және еліміздегі су тасқыны жағдайы қалыпқа келеді деп үміттенемін, - деді Мусин.