Қазақстанда 9 ұлттық оператор мәртебесінен айырылады

Ulysmedia

Қазақстанда мемлекеттік және жекеменшік операторлардың саны қысқарады. Бұған қатысты тиісті заң жобасын бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин таныстырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Операторлардың санын азайту қажет. Қазір 9 операторды қысқарту бойынша түбегейлі шаралар қабылданады. Олар заң жобасы қабылданғаннан кейін мәртебесінен айырылады. Осыдан кейін Үкімет 4 субъектті жекешелендіру мерзімін белгілейді. Оның екеуі жекеменшікте және үшеуі ведомстволық бағынысты ұйым ретінде жұмысын жалғастырады. 18 оператор бойынша реттеу талап етілмейді. Олар қоғамдық қызметтерді жүзеге асырады және пайда алмайды. Қалған 24 оператор бойынша қатаң монополияға қарсы реттеуді қамтамасыз етеді», - деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, монополияны енгізу негіздерін Кәсіпкерлік кодекс мемлекеттік айқындайды. Сонымен қатар Қазақстанда мемлекеттік монополия құрмай белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға айрықша құқықтарды заңнамалық түрде беру тәжірибесі қалыптасқан. Іс жүзінде мемлекеттік және жеке операторлар деп аталатын балама институт құрылған.