50 вагон. Қазақстанға Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді

Ulysmedia

50 вагон гуманитарлық көмек Қазақстанның тоғыз облысына жеткізілді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ақтөбе облысының әкімдігі

Көрші мемлекеттен көмек ретінде құрылыс материалдары келді деді Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жүктің жалпы салмағы 2518 тоннаны құрайды. 

“Ақтөбе облысына 9 вагон бөлінді, оның ішінде  27 360 литр ауыз суы, 5400 дана асбест-цемент шифері, 60 тонна шеге, 70 тонна ағаш материал, 240 тонна цемент бар.Бұл көмек су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде бағытталып отыр.”- деп мәлімдеді Ақтөбе облысының әкімдігі. 

Сондай-ақ гуманитарлық көмекті қабылдау мен түсіруге әскери қызметшілер жұмылдырылған.  

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.