Көкшетауда қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Ulysmedia

 Көкшетауда «Eolus» қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «И» және «X» азаматтары жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, «Eolus» қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, «energyeolus.info» платформасына аударылды. Залал сомасы шамашен 10 млн теңгені құрады. 

Сот үкімімен «И» және «X» азаматтары кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, — деді ведомстводан.

Осы ретте, Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және қаскүнемдердің айласына түспеуге шақырады! «Baiqa, piramida!» ботының жеделхаттары арқылы компанияны қаржылық пирамида белгілеріне тексеруге болады.