Бүгін Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты сот процесінің кезекті отырысы өтті деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
2023 жылдың желтоқсанында болған автобус апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін Жоғары сот арнайы трансляция ұйымдастырып сот отырысын көпшілікке ашық етті.
“Есінен танған жоқ”
Бүгін айыпталушы өз мәлімдемесі барысында ол ұрғаннан кейін автобус жүргізушісінің есінен танбағанын мәлімдеді.
Еске салайық
Алматыдағы автобус апаты былтыр желтоқсан айында болған еді. Салдарынан ерлі-зайыпты Талап Қасымов пен Гүлжан Ерсімбетова қаза тапты. Қайғылы оқиға болған күні олар жол жиегінде көлік тоқтатып тұрған. Апат кезінде үш баланың әкесі Айдос Әлменбаев та қаза тапты. Оның кіші қызы небәрі төрт жаста.
Үш азаматтың қаза болу фактісі бойынша Алматы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 351 бабының 3 бөлігі "көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ережелерді бұзу " бойынша, " 293 бабының 1 бөлігі “Бұзақылық”бойынша қылмыстық істерді тіркеді.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, автобус жүргізушісі жәбірленуші деп танылды.