Дәрі-дәрмек нарығындағы дәрменсіздік: Өзіміз өндіретініміз бар-жоғы 10%

Ulysmedia

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздегі дәрі-дәрмек өндіру саласындағы көрсеткіштерді сынға алды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.  

proman.com.ua

30 пайызға жету керек 

«Ресми статистикаға сәйкес, отандық өндірушілердің біздің дәрі-дәрмек нарығындағы үлесі қазір 10% құрады. Яғни, кем дегенде талап етілген 30 пайызға жету үшін бізге әлі де көп жұмыс атқару керек. Дегенмен, біз бұл саладағы көрсеткіштер төмендеп жатқанын көріп отырмыз», - деді М. Әшімбаев. 

Сенат төрағасы былтыр негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру 2022 жылға қарағанда 10 пайызға азайғанын айтты. 

«Сонымен қатар, елімізде өндірілген дәрі-дәрмектің экспорты былтыр 28,5 пайызға азайып, дәрі-дәрмек импорты 3,5 пайызға өскен. Яғни, отандық дәрі-дәрмек өндірісінің ұлғаюын емес, керісінше азаюы үрдісін көріп отырмыз», - деді Мәулен Әшімбаев. 

Сондықтан  елімізде дәрі-дәрмектің бағасы қайта қаралады деді бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова.Яғни дәрілік препараттардың құны жоғарылауы мүмкін екендігін де жоққа шығармады.