Алматыда әйелді ұрған еркек видеоға түсіп қалған: оны полиция іздеп жатыр

Ulysmedia

Құқық қорғау органдарының бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Қазнетте ер адам әйелді аяғымен тепкілеп, содан кейін бетінен қатты ұрып-соғатын бейне таратылады. Бейнеролик Алматыда түсірілгені хабарланды.

Толығырақ

Алматы полициясы “бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазір бейне қатысушылардың жеке басы мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін қазнетті ер адамның орындықта отырған әйелге шабуыл жасаған видеосы қызу талқыланған болатын.