Пәкістанда ірі жол-көлік апатынан 23 адам қаза тапты

Ulysmedia

Пәкістанның Кашмир аймағында автобус апатқа ұшырап, ең кемі 23 адам опат болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: aa.com.tr

aa.com.tr-дің мәліметінше,Равалпиндиге бара жатқан 30-дан астам жолаушысы бар автобус Палландри қаласындағы шатқалға құлап кетті. Жол-көлік оқиғасының себебі анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, 23 адам қаза тапты. Оқиға орнында іздеу-құтқару бригадалары жұмыс істеуде.