Қазгидромет төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 26 қыркүйекте Алматы, түнде Ақтөбе, Өскемен, Атырау қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.