Мәскеудің «Крокусында» болған терактіге қатысы бар деген күдікпен тағы бір адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол – Пархар қаласының 2003 жылғы тумасы
РБК сайтының жазуынша, ол да Тәжікстан азаматы.
Ресей күш құрылымдары Тәжікстан азаматы Курбонов Джумохон Бегиджоновичті ұстаған. Сондай-ақ ақпаратты аумақтық полиция бөліміндегі дереккөз де растаған.
Құрықталған тұрғын Пархар қаласының 2003 жылғы тумасы болып шықты. Оған РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы (Адамды қасақана өлімге ұшыратқан террористік акт жасау) бойынша айып тағылды.
Мәскеудегі теракт
Естеріңізге салсақ, 22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.
24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.