«Абай облысындағы маньяк» Полиция ескерту жасады

Ulysmedia

Бұған дейін WhatsApp мессенджеріндегі чаттарда Абай облысында маньяк пайда болғаны ақпарат тараған деп хабарлайды, Ulysmedia.kz   

Ашық дереккөзден

Жоққа шығарды

Хатта әлдекімдер Восточный кентінде маньяк пайда болғанын айтып, тұрғындарды сақтануға шақырған. Абай облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ, азаматтардың жалған хабарлама таратқандары үшін жауакершілікке тартылатындарын ескертті. 

Бұған дейін

Бұған дейін Петропавл қаласының 27 жастағы тұрғыны WhatsApp-қа дауыстық хабарлама жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Ол аудиожазбада гуманитарлық көмек жинап жатқан мектептің педагогтары жеткізілген көмекті ұрлап жатыр деп мәлімдеген.