Астана әуежайы уақытша түнгі рейстерді қабылдамайды

Ulysmedia

Жөндеу жұмыстары мамыр айынан басталады деп хабарлайды, Ulysmedia.kz

egemen.kz

Әуежайдың қай уақыттан бастап, қай сағаттарда жұмысын тоқтататынын баспасөз қызметі жариялады. 

"Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуге байланысты 2024 жылғы 1 мамырдан бастап жұмыс аяқталғанға дейін әуеайлақ жергілікті уақытпен 22.00-ден 6.00-ге дейінгі кезеңде әуе кемелерін қабылдамайды, ұшырмайды. Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын авиакомпаниялардың белгілі бір рейстерінің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін ескеретміз, - деп жазылған хабарламада.  

Жолаушыларға өз рейстері туралы толығырақ ақпаратты әуе компанияларынан біле алады.  

Бұған дейін Көлік министрлігі ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу шамамен сегіз айға созылатынын хабарлаған еді.