30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Павлодарда қолға түсті, деп жазады Ulysmedia.kz.
"1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында қыз зорлаған ер адам облыс орталығында (Павлодарда) ұсталды", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Сондай-ақ ол Павлодарда қарақшылық жасап, жасырынып жүрген күдіктінің де ұсталғанын жеткізді.
"Ресей Федерациясының Түмен қаласында Қазақстанда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған күдікті құрықталды", - делінген хабарламада.