Су тасқыны: Атырау облысы ерекше бақылауда

Ulysmedia

ҚР ТЖМ бүгін сағат 16:00-дегі жағдай бойынша еліміздегі су тасқыны жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Министрлік Атырау облысы Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты бақылауда екенін мәлімдеді.

"Су деңгейінің көтерілуі байқалады, мониторинг жалғасуда. Жайық өзенінің бойындағы су тасқынының алдын алу мақсатында Индер, Махамбет, Құрманғазы, Исатай аудандары мен Атырау қаласында жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

Өңірде су тасқыны жағдайына дрон көмегімен мониторинг жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Республика бойынша авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 21 мыңнан астам адам және 2 мың техника, 357 су айдау құралы, 260 жүзу құралы, 9 әуе кемесі жұмылдырылған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Жайық өзенінде су деңгейі сәл ғана төмендегенін жазған едік.