Жетісуда 4 күн бұрын жоғалған жігіт өлі табылды

Оралхан Қожанов

Жетісу облысы Көксу ауданында 4 күн бұрын жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

23 сәуірде Көксу ауданының полиция бөліміне ұлының жоғалғаны туралы арызбен Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны жүгінген еді.. Оның айтуынша, 29 жастағы жігіт мал жаюға шығып, оралмаған.

Жоғалған адамды іздеуге аудандық полицияның барлық жеке құрамы, жергілікті тұрғындар мен еріктілер жұмылдырылған болатын.

Сол күні жоғалған жігіттің жылқысы Ескелді ауданының Жаңалық ауылында табылды. Көрші ауылдарды Көксу өзені бөліп тұрғаны ескеріліп, іздеуге облыс құтқарушылары қосылды.

27 сәуірде іздеу іс-шараларының барысында жоғалған адамның зорлық-зомбылық белгілерісіз мәйіті Көксу өзенінің түбінде табылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.