Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлады деген күдікпен қамалды

Ulysmedia

Алматыда қалалық мәйіттің күзетшісі ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: t.me/kozachkow

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша («қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл қылмыс қалай ашылды? Мендегі ақпарат бойынша, қылмыскер телефонын өткізуге алып келген кезде, ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18 + фотолар болған, - деп жазды журналист Telegram-арнасында.

Бүгінде күдікті изоляторға қамалған. ҚР ҚК 314-бабының санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Оқиғаға қатысты полиция да пікір білдірді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, - деді Алматы қаласы полициясы.