«Жүрегім менің»: Ахметжан Есімовтің тойда ән айтқан ВИДЕОСЫ тарады

Ulysmedia

Әлеуметтік желіде Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің тойда ән шырқаған видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Ол әнші Серікбол Сайлаубектің тойында қонақ болып, Сәкен Майғазиевпен «МузАрттың» «Жүрегім менің» әнін орындаған.

Қандай керемет көрініс. Ән өнерінің қазіргі хан тәңірі, елдің ардақты, асыл азаматы, тізгін ұстаған ел ағасы Ахметжан Есімовпен жанды дауыста ән шырқады, - деп жазды видео авторы.

Ахметжан Есімов сөз сөйлеп, ерлі-зайыптыға ақ тілегін арнайды.