Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов жарыссөз барысында сотталушы Салтанат Нүкенованың денесін әкеткісі келсе, әкете алатын жағдай болғанын айтып, оған президенттің күзет қызметі (ПКҚ) қызметкерлері кедергі болған деген нұсқаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Адвокаттың тұжырымы
– Айыптаушы тарап ПКҚ қызметкерлері Бишімбаев пен Байжановтың мәйітті алып кетуіне жол бермеді деп сендіргісі келеді. Бұл өте қисынсыз әрі болмайтын нұсқа! Біріншіден, президенттердің кестесі өте тығыз. Олар қонақ үйде бірнеше күн отыра алмайды. Президенттердің бұл кездесуі түскі асқа дейін жалғасуы мүмкін. Екіншіден, түскі ас кезінде мейрамханада ПКҚ қызметкерлері болған жоқ. Гастроорталық аумағы түскі асқа кіру үшін ашық болды, өйткені Байжанов өз көлігімен Нүкенованың телефонымен тыныш жүрді, қалада да қозғалды. Нұрқайдар Бишімбаевтың пәтерінен заттарды тып-тыныш алып келді, Гастроорталыққа өз көлігімен тып-тыныш кірді, ешқандай проблема жоқ, оларға ешкім кедергі келтірмеді, - деді Ғазымжанов жарыссөзде.
Адвокат "Бишімбаев мәйітті белгісіз бағытқа, қауіпсіз жерге шығарып, қылмыс орнынан кете алар еді" деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ алқабилердің өз-өзіне "Бишімбаев Нүкенованың өлімінен қандай пайда көреді?" деп сұрақ қоюға шақырды.
– Айыптау актісінде сіз бұл сұраққа жауап таба алмайсыз. Бұл негізгі компонент болмаса, кісі өлтіру айыптауы мағынасыз болады. Не үшін өлтіргісі келгені жөнінде сұраққа прокурор еш жауап бермеді. Егер Бишімбаев өлтірем деп ұйғарса, ол мұны өз қолымен жасар ма еді? Нүкенованы өлтіру үшін кәсіби адамды жалдау қауіпсіз болар ма еді, бәлкім, Бишімбаевтың бұған қатысы бар-жоғын ешкім білмес еді. Бірақ іс жүзінде өлтірушіні жалдауға деген талпыныс, ешқандай әрекет жоқ. Айталық, Бишімбаев өз қолымен кісі өлтіргісі келді. Елестетіп көрейік. Бұл жағдайда ол кісі өлтіру қаруын алдын ала дайындаған болар еді, солай ма? Нүкенованы қауіпсіз жерге апарып, ойлағанын жасар еді. Жәбірленуші тараптың Бишімбаевтың Дима Биланның концертінде Нүкенованы өлтіруді ойластырғаны және бұл оның сөз тіркесімен дәлелдегісі келгені жайлы нұсқасы күлкілі: пальтоңды қалдыр, енді ол саған қажет болмайды деген сөзі үшін. Алқабилердің бірі бұған шынымен сене ала ма? – дейді ол.
Бишімбаевтың ісі
Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды. Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.
Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.
12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.
4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан. Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді.
Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.
Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.