Белградтағы әлем чемпионатында үшінші қазақстандық боксшы финалға шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Olympic.kz-ның мәліметінше, 51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов жартылай финалдан сүрінбей өтті.
Ол таиландтық Танаарат Саенгфеттен 4:1 есебімен басым түсті.
Осылайша, Сәкен Бибосынов өз мансабында алғаш рет әлемдік сынның финалына өтіп отыр. Сәкеннің финалдағы қарсыласы – америкалық Рокси Холл.
Еске сала кетсек, бұған дейін Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Махмұд Сабырхан (54 келі) әлем чемпионатының финалына өтсе, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола жүлдегер атанған болатын.