Есімовтің қызы Қазақстандағы олигархтардың қатарына қосылды

Сырым Қаржас

Forbes Қазақстан мәліметі бойынша, еліміздегі олигархтардың жаңартылған тізімінде тек бес әйел бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Forbes мәліметі

Forbes Kazakhstan журналы Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің жыл сайынғы рейтингін жариялады. Автордың айтуынша, биыл рейтинг бірден екі есе өскен. 12 жыл бойы дәстүрлі түрде ең дәулетті 50 бай-манаптың орнына, енді 75-і аталатын болды.

– Тізімді кеңейту қажеттігін зерттеу тобы мен серіктестерінің бірнеше айлық жұмысы растады: қазақстандық ірі бизнес соңғы екі жылда айтарлықтай қарқын алды, - делінген басылымда.

Рейтингке байлардың жалпы байлығы былтырғы жылмен салыстырғанда – 8,2 млрд долларға өсіп, 46,63 млрд долларға жетті. Орташа есеппен – былтырғы 769 млн доллармен салыстырғанда 622 млн долларға дейін төмендеді.

Әйелдер

Рейтингте бес әйел бар. Олар: Динара Құлыбаева, Дариға Назарбаева, Раушан Сағдиева, Айжан Есімова мен Гаухар Қаппарова.

Айжан Есімова

Рейтингте ол 44-ші тұр. Оның дәулетінің едәуір бөлігін 2021 жылы Kazphosphate Limited британдық компаниясы арқылы Ғалымжан Есеновпен (рейтингте 15-ші түрған) бірге акционер болған "Қазфосфат" ЖШС сатудан түскен үлесі құрайды.

Сондай-ақ, оның "Sport Center" ЖШС (krida фитнес-клубы) және Петропавл нан-тоқаш комбинатында үлесі бар.

Байлығы 207 миллион долларға бағаланады.

Айта кетейік, Айжан Есімова Forbes рейтингінің 15-ші қатарында тұрған кәсіпкер Ғалымжан Есеновтің әйелі. Оның байлығы 590 миллион долларға бағаланды. Кәсіпкер "First Heartland Securities" АҚ-тың 99,74% иеленеді. Ол арқылы "First Heartland Jusan Bank" АҚ-тың 79,63% бақылайды. Ал банктің тағы 20,11% оған тікелей тиесілі. Сондай-ақ, Jusan Bank арқылы " Қазақтелекомның 9,19% және Кселлдің 9,08% (тағы 14,87% - жеке) үлесін иеленеді.

Айжан Есімова экс-шенеунік Ахметжан Есімовтің қызы. Есімов 2017-2021 жылдары "Самұрық-Қазына" қорының басқарма басшысы болып еңбек еткен. Содан кейін Қазақстанның бұрынғы президентінің штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды.