Тоқаев елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Ulysmedia

Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: Ақорда

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.