Путин Батысты «нацизмді ақтады» деп айыптап, ядролық қарумен қорқытты

Ulysmedia

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, елдің стратегиялық күштері толық жауынгерлік дайындықта тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

Мәскеуде Жеңіс күніне арналған шеру өтіп жатыр. Оның барысында Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйледі.

Путин не дейді

Ол батыс елдерін "тарихты қорлады және нацизмді ақтады" деп айыптады. Оның айтуынша, КСРО Екінші дүниежүзілік соғысының алғашқы үш жылы "фашистермен жалғыз бетпе-бет соғысқан", ал "бүкіл Еуропа Вермахттың әскери күшімен жұмыс істеген".

Тағы айтқаны

"Ресей жаһандық қақтығыстың алдын алу үшін бәрін жасайды, бірақ сонымен бірге бізге ешкім қауіп төндіре алмайды. Біздің стратегиялық күшіміз әрқашан жауынгерлік дайындықта, - деді ол.

Шеруден кейін Путин мен жоғары қонақтар, олардың арасында Қазақстан президенті Қасымжомарт Тоқаев бар – Александр бағына бет алды. Федералды телеарнаның кадрларында Путин бақшаға бара жатқанда Рахмонмен, Тоқаев Бердімұхамедовпен сөйлесіп тұрғанын көруге болады.