Қазақстан 2028 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу жөнінде өтінімін кері қайтарып алды

Сырым Қаржас

Мұндай мәлімдемені халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) президенті Люк Тардиф жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay

Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) президенті Люк Тардиф Қазақстан 2028 жылы әлем чемпионатын өткізуге үміткер болмайтынын хабарлады, деп жазады ТАСС.

Толығырақ

Ақпан айының басында Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб Қаратаев Федерация чемпионатты өткізуге өтінім бергенін хабарлады. Турнирді Астана мен Алматыда өткізу жоспарланған болатын.

– Қазақстан 2028 жылғы әлем чемпионатын өткізу жөніндегі өтінімін кері қайтарып алды, - деді Тардиф.

Бұған дейін Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім берген болатын, бірақ Германияның өтінімі жеңіске жетті.

Турнирді 2028 жылы өткізуге Франция өтінім берді. Жоспар бойынша матчтарды Париж мен Лион қабылдауы керек. 2017 жылы Париж неміс Кельнімен бірге әлем чемпионатын өткізді.