Боксшы-шенеунік: Антикор басшысының рингтегі видеосы қызу талқыланып жатыр

Қалижан Бектемір

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің бокстан жаттығып жатқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Не болды

Видео биыл 9 наурызда жарияланған. Бұл уақытта ол жаңа лауазымға тағайындалмаған болатын.

Жаппай пікір білдіріп жатқан желі қолданушылары Асхат Жұмағалидан жемқорларды дәл осылай жеңу керек екенін жазып жатыр.

Ол былтыр сәуір айында Антикор басшысы болып тағайындалған.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры.

Ол туралы не белгілі

Асхат Жұмағали 1979 жылы 19 тамызда Қостанай облысының Арқалық қаласында туған.

2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітірген.

II дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.