Нигерде содырлар 69 адамды өлтірді

Ulysmedia

Нигерде 4 қараша күні елдің оңтүстік-батысында 69 адамның, соның ішінде қаласының мэрі Бани Бангудың қаза тапқаны үшін екі күндік ұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

gordonua.com-ның мәліметінше, Нигерде террористер 69 адамды өлтірді, олардың арасында қала мэрі де бар. Бұл туралы ActuNiger жергілікті басылымы жариялады.

Қаладан 30 шақырым жер – Мали шекарасы маңында Банибанг қаласының мэрі бастаған делегация содырлардың қолына түсіп қалған. Алдын ала болжам бойынша, шабуыл кезінде делегация құрамындағы 15 адам қашып үлгерген. Қалған 10 адам із-түссіз жоғалып кеткен.