Дәл осы ойын орталығында бұдан бұрын да екі жасөспірім зардап шеккен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы “Мой город” басылымы жазды.
Жасөспірім қыз қаланың балаларға арналған ойын орталықтарының бірінде зардап шеккен. Ойын барысында сақтандыру бұзылып, қыз биіктен құлап түскен. Ата-аналар жедел жәрдем шақырып, жәбірленуші облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы 10 жасар қызға сол жақ шынтақ буыны мен оң жамбасына зақым келгенін айтты. Жәбірленуші амбулаториялық емделуге жіберілді.