Зарина Дияс Жапониядағы ITF W75 турнирін жеңіспен бастады

Ulysmedia

Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа қайта оралған қазақстандық теннисші Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W75 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: olympic.kz

Ол алғашқы айналымда әлемнің 410-ракеткасы, 24 жастағы Сакура Хосогимен сынға түсті. Бірінші партияны Зарина Диас 6:4 есебімен қорытындыласа, екіншісінде Хосоги қарымта қайтарды – 6:3. 

Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы 5:2 есебімен алға шығып, матчқа екі рет доп бергенде, жеті матчболын пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:2).

Матч 2 сағат 25 минутқа созылды. 

Енді Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 214-ракеткасы, 21 жастағы Таиланд өкілі Мананчэйа Савангкаевпен кездеседі.