Полицияның көлігінде жүрегі тоқтап қалған: Ұлытауда ер азамат мекемеге жетпей қайтыс болды

Сырым Қаржас

Оқиға Жезқазған қаласында болған. Тәртіп сақшылары азаматты үйінен мекемеге алып бара жатқан жерінде жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Әйелден шағым түскен

Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторларына әйелден шағым түскен. Ол жұбайының ішімдік ішіп жанжал шығарғанын айтқан. Тәртіп сақшылары ер адамның мастық деңгейін тексеру үшін қызметтік көлікке отырғызып алып кеткен.  

Алайда азамат медициналық мекемеге барар жолда ауырып, қайтыс болыпты. Медициналық сараптама өлім алкогольдік кардиомиопатия аясында жедел жүрек жеткіліксіздігінен туындағанын анықтады. 

"Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Облыстық ПД жеке қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Полиция қызметкерлерінің әрекеттерінде құқық бұзушылық болмаған",-деп хабарлады.  

Бұған дейін 

FlyArystan әуекомпаниясының Қостанай - Алматы бағытындағы  КС7141 рейсінде жолаушылардың бірінің жүрегі тоқтап қалғанын хабарлаған едік.