Су тасқыны: Жайық көтеріліп барады

Ulysmedia

Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабының дерегінше Жайық өзені шекті межеден  9 сантиметрге асқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Жайық өзенінің деңгейі 16:00 уақытындағы ақпаратпен салыстырғанда бірнеше сантиметрге көтерілген.  

  • Индербор ауылында-2 сантиметрге көтерілген, су деңгейі - 1033 сантиметр, шекті деңгейі-845 сантиметр; 
  • Махамбет ауылындағы + 3 сантиметр, су деңгейі-998 сантиметр, шекті деңгейі-850 сантиметр; 
  • Атырау қаласы + 2 сантиметр, су деңгейі-559 сантиметр, шекті деңгейі-550 сантиметр; 
  • Жаңаталап ауылындағы  + 2 сантиметр, су деңгейі-405 сантиметр, шекті деңгейі-500 сантиметр; 
  • Еркінқала ауылындағы + 2 сантиметр, су деңгейі-363 сантиметр, шекті деңгейі - 450 сантиметр. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді.