Тоқалға чемодан: Жарнама иесі жауапқа тартылады

Ulysmedia

Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Назым Жанғазинова өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Алынып тасталды

Назым Жанғазинова фейсбук парақшасында жарнаманың алынып тасталғанын хабарлады. 

"Тоқал құбылысын насихаттайтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарға қайшы келетін жарнама қабылданбайды және оны тоқтату керек. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясындағы әріптестерімізбен екеуміз осы жарнаманың мәртебесі туралы қала әкімшілігіне өтініш жібердік. Алматы бойынша Ұлттық комиссияның филиалымен бірлесіп жұмыс жүргізілуде, жарнама алынып тасталды,” – деді Жанғазинова. 

Жауапқа тартылады

Ал, шулы жарнаманы орналастырған сауда орталығының әкімшілігі жауапқа тартылады. 

“Grand Park ТРК әкімшілігі ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп жазды Назым Жанғазинова 

Бұған дейін

Қазнетте Алматыдағы Grand Park сауда-ойын-сауық кешенінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған жарнама байланысты қызу талқы туғызғанын жазған едік. 

Grand PARK Almaty кешенінің парақшасында чемоданды жарнамалаған пост пайда болды. Алайда қазақстандықтар бұл жарнаманың мағынасына басқаша баға береді.

– Тоқалыңа чемодан сатып ал! Әйеліңізге чемоданыңызды тегін алыңыз және Вьетнамға үш адамға жолдама ұтысына қатысыңыз! – делінген жарнамада.

Байқау шарттарын баяндаудың түк қажеті жоқ, бірақ посттың астына ондаған адам ашуға толы пікір қалдырған.

– Мен масқара дүкенді жабылсын дегенге дауыс беремін. Зайырлы мемлекеттің ар-намысы мен қадір-қасиетін ұятқа қалдырады. Қандай мораль бұл...

– Сатушы және PR маманы жазалау керек. Сіздер әйелдердің құқықтарын бұзғандарға өткір реакция танытқан елде қоғамдық көңіл-күйді мүлде сезбейді екенсіздер, – деп жазады пікір қалдырушылар.

Бір қызығы, парақша иесі жазбаны жойған, бірақ кейінірек оны қалпына келтірген. Сонымен қатар, жарияланым ОСО бетінде бекітілген.

Grand Park Almaty ОСО кәсіпкер Ғабит Бейсенбаевқа тиесілі.

Forbes мәліметтері бойынша, Ғабит Бейсенбаев девелопер әрі құрылыс саласындағы бизнесмен. Алматыда Grand Park кешені, "Армада" ОСО, "Алтын базарға" иелік етеді. Жалпы коммерциялық ауданы: 165,1 мың шаршы метр.