Жолдар жырылып, адамдар әлі қайықпен жүр: Жайық өзені деңгейі әлі көтеріліп барады

Сырым Қаржас

Атырау облысының жедел штабының мәліметінше, Жайық өзеніндегі судың қауіпті деңгейі тек екі ауылда аспаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Атырау облысының жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша тың деректерді жариялады.

Толығырақ

  • Индербор ауылы - 5 см, су деңгейі-1030 см, қауіпті деңгейі - 845 см;
  • Махамбет ауылы + 5 см, су деңгейі - 1000 см, қауіпті деңгейі - 850 см;
  • Атырау ауылы + 3 см, су деңгейі - 560 см, қауіпті деңгейі - 550 см;
  • Жаңаталап ауылы + 4 см, су деңгейі - 407 см, қауіпті  деңгейі - 500 см;
  • Еркінқала ауылы + 4 см, су деңгейі - 365 см, сыни деңгейі - 450 см.

– ТЖ жөніндегі жедел штабтың шешімімен келіп түсетін судың көп мөлшерін бұру үшін Махамбет және Сарытоғай ауылдарын жалғайтын тас жолға қарай суды бұрды.

Ауылдар арасындағы байланыстың үзілуіне жол бермеу мақсатында адамдарды қайықпен тасымалдап жатыр.

Сондай-ақ, Сарытоғай ауылынан Махамбет ауылына тұрғындар жеке көлікпен "Сейтек" шайханасының жанындағы айналма жолмен жүре алады, - деп хабарлады штаб.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді.