Әйелді тепкілеп жатқанда екі жігіт түк істемей қарап тұрған – Алматыдан тараған видео

Қалижан Бектемір

#Не молчи қоры Алматыдан жан түршігерлік видео жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан кадр

Кадрларда агрессивті ер адамның алдымен әйелге қалай ілесіп, кейін басы мен денесіне қатты соққылар бергені көрсетілген.

Ер адам соңғы соққысымен әйелді баспалдақпен түсірген болуы мүмкін (бұл видеода көрінбейді).

Одан да қорқыныштысы, кіреберісте лифт күтіп тұрған жігіттер жайбарақат, әйелдің ұрып-соққанын бақылап тұрған.

Видеода оны ешкім тоқтатпады. Қол-аяқтарына кісен салып қойғандай... Біреуі қолын қайырған болды. Жігіттер қорқатындықтан араласпады деп айтпаңыз! Бұл жерде қорқыныш жоқ! Бұл олардың күнделікті өмірі. Олар әрқашан лифтте осындай зорлық-зомбылықты көрген! Ол оны картоп салынған қаптай ұрды. Ал кейін барлығы түк болмағандай лифтке кіріп, өз істерімен айналысты ма? Әйелдің жағдайы қалай? Ол тірі ме? Көмек қажет пе? Бәріне бәрібір! – дейді қоғам белсендісі Дина Таңсарі.

Полиция оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Айта кетейік, әлеуметтік желілерде қазақстандықтар шабуыл жасаған жігітті ғана емес, сол маңда әрекетсіз жүрген жігіттерді де жазалауды талап етіп жатыр.