Парламенті Мәжілісінде Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов Үкіметтің 2023 жылғы республикалық бюджетінің атқарылу есебінің қорытындысын ұсынды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Палата өкілінің айтуынша, Үкіметтің деректері мен барлық мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау органы жүргізген тексерулердің нәтижелеріне сәйкес, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 2022 жылмен салыстырғанда былтыр 16%-ға ұлғайған. 489 млрд теңгені құраған.
– Бұдан бөлек, Жоғары аудиторлық палата республикалық бюджеттің атқарылуына жүргізілген кейінгі бағалау нәтижелері бойынша бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, сондай-ақ 537 млрд теңгеге бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз басқару орын алғанын анықтады. Бюджет қаражатының жеткілікті жоғары игерілуіне қарамастан индикаторлар мен бюджет қаражаты арасындағы әлсіз өзара байланыс, нәтижелер көрсеткіштеріне елеулі түзетулер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жүргізіп жатқан жұмыстарының нәтижелерге қол жеткізуге тиісті ықпалының болмауы байқалады, – дейді ол.
Еске сала кетейік, Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болған Наталья Годунова 1 сәуірде қызметінен босатылған еді. Оның орнына екі жылдан артық уақыт Үкіметті басқарған бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайлов тағайындалған.