Зейнеткерлер көз жұмды: Ақтөбе облысында ірі өрт болды

Ulysmedia

Өрт Достық ауылында болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

18 мамырға қараған түні Мәртөк ауданының Достық ауылындағы жеке үйлердің бірінде өрт болды, деп хабарлайды ТЖМ. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жанып жатқан үйде 1955 және 1958 жылдары туған екі адамның денесін тапты.

ТЖД құтқарушыларының күштері 90 шаршы метр аумақта өртті сөндіре алды. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.