Астана әкімдігі бір топ әншінің концерті не себепті өтпей қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 18 мамыр күні кешке жоспарланған "Хит жұлдыздар ән кеші" концерті ұйымдастырушылық себептерге байланысты тоқтатылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Концертте Sadraddin, Adam, Qanay, Baller, Тұрар Ыдырыс және Жігер Ауыпбаев сияқты танымал қазақстандық орындаушылар өнер көрсетуі тиіс еді.
Іс-шара жеке ұйымдастырушының ұйымдастырушылық мәселелерімен байланысты болмай қалған.
Концертке Билеттерді сатып алған барлық қонақтарға олардың құны қайтарылады.