Пәкістан 200-ге жуық студентін Қырғызстаннан алып кетті

Ғалиасқар Думан

Пәкістан билігі өз елінің 180 студенттін Қырғызстаннан арнайы бортпен алып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Скриншот

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады. Студенттердің әуежайда кездесуіне Пәкістанның федералды ішкі істер министрі қатысқаны нақтыланды.

"KA571 арнайы рейсі Лахор әуежайына аман — есен қонып, Қырғызстаннан келген 180 пәкістандық студенттердің алғашқы партиясын жеткізді", - деп жазады PTV News.

Оқиға неден басталды

Бішкекте 300-ге жуық жас жігіт жаппай төбелестен кейін шетелдіктерден кек алу үшін көшеге шығып, тәртіпсіздік жасаған. Бұған жауап ретінде қала милициясы барлық жеке құрамды жауынгерлік дайындық жағдайына келтірді.

Оқиға 7 сәуір мен Огонбаев көшелерінің қиылысында болды. Жиналған жас жігіттер шетелдіктермен төбелесіп қалған, бұл құқық қорғау органдарымен қақтығысқа ұласқан.

Құқық қорғаушылар кордон қойып. ашынған топты тоқтатуға тырысқан.

Бірнеше рет адамдар кордонды бұзуға тырысты, бірақ тәртіп сақшылары оларды ұстап алып, 10-ға жуық адамды қамауға алынды. Оқиға салдарынан шетелдіктердің жергілікті тұрғындарды ұрып-соғу фактісі бойынша (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды.