Ресейде ұшақ адамды қағып кетті

Сырым Қаржас

"Уральские авиалинии" компаниясының ұшағы Екатеринбург әуежайында бір адамға қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

fishki.net

Бастапқыда бұл оқиға жайлы БАҚ хабарлады. Кейін көлік прокуратурасы болған оқиғаны растады.

Техниктің зардап шеккені хабарланды. Әуежай қызметкері оң аяғынан жарақат алды.

– Алдын ала стартта қозғалыс басталған кезде Екатеринбург-Бішкек рейсімен ұшатын эксплуатант А-320 әуе кемесін шығару бойынша техникке соқтығысқаны анықталды, — делінген хабарламада.

Ер адам ауруханаға жатқызылды. Осы фактіні Свердловск көлік прокуратурасы тексеріп жатыр.