Қазақстан даму банкі Ыдырысовтар отбасы иелігіндегі энергетика жобаларына талдау жүргізеді

Сырым Қаржас

Ақпарат қаржы институтының сайтындағы "қараудағы жобалар" бөлімінде жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның даму банкі Кентау және Шахтинск жылу-электр стансаларын кеңейтуді қаржыландыру мүмкіндігін қарастырып жатқаны белгілі болды. Онда газ турбиналы электр станциялары салынуы мүмкін.

Толығырақ

China General Technology Group қытай холдингінің еншілес құрылымдары осы жобада серіктес болуы ықтимал, деп жазады Inbusiness.kz.

Бұл жобаларда "Кентау Жылу" ЖШС және "Шахтинск Жылу" ЖШС қарыз алушы бола алады. Қазір компаниялар индикативті талдау үшін құжаттарды жинау кезеңінен өтіп жатыр.

– Ал бенефициарлар – Ыдырысова Магда Камалқызы мен Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлы Аппаз Жармұхамед Дінмұхаметұлы. Еске сала кетейік, Магда Ыдырысова мен Жармұхамед Аппаз Қарағанды мен Өскеменде ЖЭО, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында АЭК иеленетін "Қазақстандық Коммуналдық жүйелер" ЖШС құрылтайшылары, - делінген басылымда.

Авторлар "Қазақстандық коммуналдық жүйелерге" кіретін Өскемен ЖЭО және "Қарағанды Энергоцентр" электр энергиясының түпкілікті бағасына салынған электр қуатының тарифі есебінен шығатын қуат нарығынан төлем алатыны жазылады.

– Яғни, ҚДБ-ның Кентау және Шахтинск ЖЭО-ны кеңейтуге кредиттері бөлінген жағдайда, ол қарыз қуаттылық тарифі есебінен төленеді, - делінген басылымда.

Ыдырысов жайлы

Дінмұхамет Ыдырысов Forbes тізіміндегі олигарх. Оның байлығы 490 миллион долларға бағаланады.

– Дінмұхамет Ыдырысов Түркістан, Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында қызмет атқаратын "Қазақстандық Коммуналдық жүйелер" ЖШС бақылайды. Ұлымен бірге ол «Ordabasy Group» ЖШС-нің тең құрылтайшысы. Оның құрамына "Аквамәдениеттің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешені" ЖШС (бекіре тұқымдас балықтарды өсіру, қара уылдырық және тауарлық бекіре тұқымдас балықтарды өндіру кешені) кіреді. Бизнесмен - "Man Group" ЖШС арқылы "Белогорское" ЖШС (ШҚО-да никель кен орнын барлау) мажоритарлық иесі, - делінген бизнесмендер рейтингінде.

Сонымен қатар, Ыдырысов "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ, "Kundybai Mining" АҚ, "Үшкую" АҚ, "Триасмунайгаз" ЖШС және "Керегетас" тау-кен компаниясы" ЖШС-де үлестерге ие.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды тұрғындары қазақстандықтардың наразылығын туғызған коммуналдық қызмет тарифтерінің өсіміне таңғалғанын айтысқан еді. 70 млрд теңге қарыз оның жанында тіпті ауызекі тілмен айтқанда "ойнамай қалатын" сыңайлы.

Шенеуніктер қаланың кәріз жүйесінің бір бөлігін жөндеу үшін Еуропалық Қайта Құру және даму банкінен (ЕҚДБ) қарыз алуды жоспарлап отыр.