Қазақстандық Bereke Bank 65 миллиард теңгеге сатылды

Ulysmedia

Сатып алушы қатарлық Lesha Bank ұйымы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Әлеуметтік желіден

Бұл туралы қатарлық банктың ресми сайты жазды.  

Хабарламадан белгілі болғандай Lesha Bank пен "Бәйтерек" холдингі арасында сатып алу-сату шарты 2024 жылдың 31 наурызында жасалған. 

"Lesha Bank пен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ арасында Қазақстандағы Bereke Bank Акционерлік капиталын 65 миллиард қазақстандық теңге бағасымен сатып алуға сатып алу-сату шарты (2024 жылғы 31 наурыз) жасалды, бұл келісім шарттарына сәйкес ағымдағы айырбас бағамы бойынша 532 382 681 Катар риалына баламалы", - деп жазды катарлық банктың ресми сайты. 

Бұған дейін Береке Банктң  Қатар немесе Грузиядан келген кәсіпкерлер сатып алуы мүмкін екендігі айтылған еді. Еуропалық Қайта Құру және даму банкі де қызығушылық танытты. 

Lesha Bank (бұрынғы Qatar First Bank) - Қатардың қаржы орталығын реттеу басқармасынан мақұлдау алған шариғат қағидаттарына сәйкес келетін алғашқы тәуелсіз банк.