73 жастағы қылмыскер: БҚО тұрғыны әйелін түншықтырып өлтірген

Сырым Қаржас

Сот оны кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

БҚО тұрғыны

Оқиға Батыс Қазақстан облысында болған.  

73 жастағы еркек

73 жастағы егде тартқан еркек өзінен 15 жас кіші әйелін қолмен және жіппен тұншықтырған. Сондай-ақ жұбайын ұрып-соққаны да анықталған.  Алған жарақаттар салдарынан әйел қайтыс болған.  

Істі Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі соты қарады.  

10 жыл 

Айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізген.  

Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.