Тастанды сәби туралы хабарламаған Балалар үйінің қызметкерлері жазалануы мүмкін

Ulysmedia

Жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: opennews.kz

Мәжіліс мәліметіне сүйенсек, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Оған сәйкес Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар балаларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау құзыреті айқындалады.