Оқушы өлімін жасырған мектеп директоры 6 жылға сотталуы мүмкін

Ғалиасқар Думан

Жамбыл облысында оқушы өлімінен кейін мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Білім ордасының басшылығы қанды қылмысты жасыруға тырысты деген күдікке ілігіп отыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Данияр Әлімқұлдың парақшасынан

14 жасында мерт болған баланың ғы ата-анасы бұған дейін мектептегі әлімжеттік туралы айтып, мектеп ұжымына бірнеше рет шағымданған. Енді балаларға қатысты қауіптің алдын алмаған мектеп басшысы 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

“Өкінішке қарай, мектеп басшылығының тарапынан дер кезінде шара қабылдамауынан жеткіншек мерт болды. Директорға қатысты ҚР ҚК 432-бабымен, «қылмысты жасырып қалу» фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр,”- Жамбыл облысы прокурорының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға көмекшісі Шавхат Таштеміров.  

Еске салайық

Қанды оқиға 30 сәуір күні мектеп ауласындағы әжетханада болған. Мектеп ұжымы болған жағдайды барынша жасыруға тырысқан. Алғашында оқушының ата-анасына «жүрек талмасы ұстап қалды» деп хабарлаған.

Жігіт қой, 14 жасқа келген сап-сау азамат. Алар белесі көп еді, баламның. «Мама, мен дәрігер боламын, екеуіміз бәрін жеңеміз» деп.. кешке бәрі естіді. Бүкіл ауыл шулады. Екі орынбасарын ілестіріп алып, ата-аналардың үйін аралаған ғой. «Айтпайсыңдар, шықпау керек, ауыздарыңнан шықпасын» деп. Ата-аналарға да қысым жасалып жатыр. Жұмыс орнының басшылығына айтып, сол ата-аналарға қысым жасап жатыр,” - деп ашынды марқұмның анасы Раушан Құдасова. 

Куәгерлердің айтуынша, оқушы дене шынықтыру сабағы кезінде соққыға жығылған. Ата-аналар бұл оқиғадан бір күн бұрын ғана осы мекттептің оқушысы шошынып ауруханаға түскенін айтады. Оны жоғарғы сыныптың оқушылары пышақпен қорқытқан көрінеді.